$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда Республика алаңында қоғам белсендісі «саяси тұтқындарды» босатуды талап етті

Асхат Жексебаев "саяси тұтқындарды" босатуды талап етіп, жалғыз адамдық пикет өткізді
Фото: Азаттық
Фото: Азаттық

Алматыда Республика алаңында белсенді Асхат Жексебаев "саяси тұтқындарды" босатуды талап етіп, жалғыз адамдық пикет өткізді, деп хабарлайды Азаттық.

"Өз халқыңа геноцид жасауды тоқтат, барлық саяси тұтқындарды босатыңдар!" деген жазуы бар плакат ұстаған белсенді плакаттың екінші жағына 20 "саяси тұтқынның" аты-жөнін жазған.

Тізімде "Шаңырақ ісі" бойынша 18 жылға сотталған Арон Атабек, 14 жылға сотталған "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Мұхтар Жәкішев, "алауыздық қоздырды" деп айыпталып, 8 жылға сотталған азаматтық белсенділер Алмат Жұмағұлов пен Кенжебек Әбішев және оннан астам адамның аты-жөні бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы