$ 449.58  486.94  4.86

Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысады

Тоқаев бүгін Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барады.

Мемлекет басшысы қазанның 11-і күні Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Түрікменстан Республикасына барып, Ашхабадта өтетін ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

Сонымен қатар, Тоқаев бүгін Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барады.

«Онда қазақ әдебиетінің абызы, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады»,-деп жазды Уәли.

Оған қоса, жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады.
    
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев