$ 447.4  477.55  4.76

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді жаңғырту мәселелері қозғалды

Кездесу барысында Асылы Осман қазақ тілінің мәртебесі, қазақ ұлтының дархандығын айта келе, жастарға тілге жанашыр, тіл сақшысы болуды сұрады.

Бүгін Алматы қаласы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ – алып қанатым, тілім шырақ жағатын!» атты қоғам қайраткері Асылы Османмен кездесу өтті.

Кездесуді аталған оқу орнының Педагогика және психология факультеті, Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасы ұйымдастырған.

Студент жастардың тілге деген құрметін қалыптастыру, патриоттық сезімін дамыту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін арттыру, тiл мәдениетiн жетiлдiру мақсатында ұйымдастырылған шараға оқу орнының оқытушылары мен студенттер қатысты.

Тіл жанашыры Асылы Османның өзі де дәл осы оқу орнының түлегі.

«Бұл оқу орнында да даласындай дархан, пейілі кең, жомарт қазағым­ның ешкімді бөліп-жармай, баршаның баласын жатсынбай, бауырына басқандығының арқасында тек қазақ қыздары ғана емес, өзге де қаншама ұлт өкілдерінің қыздары білім нәрімен сусындады. Соның бірі - менмін. Сондықтан да, бұл оқу орнының тарихы маған жақсы таныс» деді ол өз сөзінде.

Ұйымдастырушылар шараны Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламас, Еліміздің болашағының дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапты, белсенді өмірлік көзқарасы бар жас мамандарды тәрбиелеу, жастардың патриотизмін дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыруға бағытталған жоспарлар шеңберінде жүргізді.

Кездесу барысында Асылы Осман қазақ тілінің мәртебесі, қазақ ұлтының дархандығын айта келе, жастарға тілге жанашыр, тіл сақшысы болуды сұрады. Ол өзі білім нәрімен сусындаған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы мен студенттерге бүгінгі кездесу үшін зор ықыласын білдірді.

Айта кетейік, Асылы Осман ғалым, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің, Алматы облыстық Әзірбайжан этномәдени орталығының төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы облысының құрметті азаматы, «Парасат», «Достық» ордендерінің, мерейтойлық медальдардың, «Тіл жанашыры» белгісінің иегері.

Бүгінде қазақ тілінде өз ана тіліндей еркін сөйлейтін, мемлекеттік тілдің шын жанашыры ретінде танылған қоғам қайраткері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қазақ #тіл