$ 447.4  477.55  4.76

WhatsApp қоңырауларына салық: Ливан халқы үкіметтің биліктен кетуін талап етуде

Триполиде наразылыққа шыққандар фейерверктен от шашып, өзге парияларды да басқарушы коалиция құрамынан шығуға шақырды.
фото: aikyn.kz
фото: aikyn.kz

Ливанда наразылық шеруіне шыққандар үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде, деп хабарлайды aikyn.kz.

 Жаппай наразылықтан «Ливан күштері» христиан партиясы басқарушы коалиция құрамынан шығып кетті. Шерушілер бұл ақпаратты үлкен қуанышпен қабылдады. Триполиде наразылыққа шыққандар фейерверктен от шашып, өзге парияларды да басқарушы коалиция құрамынан шығуға шақырып, кезектен тыс сайлау өткізуді талап еткен. 

Ливандағы наразылық 17 қазанда WhatsApp  және өзге де мессенджерлер арқылы соғылатын телефон қоңырауларына салық енгізу туралы үкіметтің шешімінен кейін басталды. Билік бұл шешімді дереу жоққа шығарды, алайда наразылық әлі басылмай тұр. Белсенділер жемқорлық, салықтардың көбеюіне қарсы шығып, үкіметтің билікті тәрк етуін талап етуде.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#наразылық