Еуропалық одаққа мүше елдер елшілерінің желтоқсанның 21-і күнгі кеңесінен кейін, Ресейге қарсы экономикалық санкциялар тағы жарты жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды, деп жазады 7kun.kz
Ресейлік қаржы, мұнай және әскери салаларға сонымен бірге, жекелеген азаматтарға қарсы мәжбүрлеу шаралары келесі жылдың шілде айының 31-не дейін сақталуы мүмкін.
Германияның федералды канцлері Ангела Меркель Ресейдің Украинаға қатысты саясаты үшін салынған ЕО санкцияларын қолдайтынын мәлімдеді. ГФР Ресеймен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысса да, «қағидаларымыздан айнымауымыз керек», — деді Ангела Меркель. Канцлер тиым-шектеулер тек минск келісімдері талаптары толығымен орындалғанда ғана алынып тасталатынын ескертті.
Санкциялар мәселесін ЕО жетекшілері желтоқсанның 17-18-де талқылауы мүмкін. Қазіргі мәжбүрлеу шараларының мерзімі 2016 жылы қаңтар айының 31-де бітеді.