$ 444.22  476.38  4.82

Бейбіт Атамқұлов Жолдау аясында жоспарланған жұмыстар жөнінде баяндады

Өңірдің облыс активімен кездесуде Бейбіт Атамқұлов алда тұрған жоспарларды талқылады. Президент Жолдауын түсіндіре отырып, оны жүзеге асыру қадамдары туралы айта келіп, облыс әкімі көптеген тармақтар бойынша жұмыстар қазірдің өзінде толық көлемінде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Айталық, ОҚО-ның мақтанышы - ауыл шаруашылығы. Оны одан әрі дамыту үшін агроөнеркәсіптік кешенге заманауи технологиялар мен инновациялар енгізілуде.

«Біздің ауыл шаруашылығы өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бақша, көкөністер мен жемістер егіні үшін заманауи қоймалар салу керек. Біз Шымкентте ірі сауда-логистикалық орталығын салуды жоспарлап отырмыз. Оның ауданы 90 гектардан асатын болады. Кешен ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау бойынша «А» және «Б» халықаралық стандарттарына сай болмақ», - деп әңгімеледі ОҚО әкімі облыс активімен кездесуде.

Бейбіт Атамқұлов шикізат ресурстары жөнінде де облыс ел тәуелсіздігіне өз үлесін қоса алатынын атап өтті. «Қазір облыста бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Өткен жылмен салыстырғанда, экономиканың өсімі байқалады - жалпы өнім 1,2 пайызға өсті», - деді ОҚО басшысы.

Мәселен, оның айтуынша, биылғы жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімдерін шығару 523,4 млрд. теңгені құраған. Ауыл шаруашылығында да өсім байқалып отыр - агроөнеркәсіп кешені өнімдері өндірісі 300 млрд. теңгеден асты, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 101,9 %-ға сәйкес келеді. Транспорт пен байланыс саласындағы кірістер өсімі тиісінше, 105,1% және 102,5%-ды құрады. Өңірде инвестициялық ахуалды жақсарту жұмысы жалғасуда, дейді Бейбіт Атамқұлов. Мәселен, ұлттық компаниялармен 9,8 млрд. теңгеге 529 шарт жасалды. Соның нәтижесінде өңірдің негізгі инвестициялық капиталы 323,3 млрд. теңгеге жетті. Облыста шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 1,7 млрд. теңге тұратын 29 жоба жүзеге асырылды.

Сонымен бірге, өңірде жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде үлкен жұмыс жүргізіліп отыр, дейді облыс әкімі. Соңғы 10 айда 51 мыңга жуық адам жұмыспен қамтылды. Олардың 36,4 мыңы тұрақты жұмысқа ие болды. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша барлығы 194 млн. теңгеге жуық 228 жоба мақұлданды, ал бұл аймақта 1622 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ОҚО #жолдау