Оңтүстік Қазақстанда «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумының «Жаңа Жолдау - жаһандық жаңа жағдайға жауап» тақырыбында жиыны өтті.
Айтулы шараға облыстық басқармалардың жауапты қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, саяси партия филиалдарының, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі проректорлары мен жастар комитеттерінің төрағалары қатысты.
Форумды жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, облыс әкімі жанындағы «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумның атқарушы хатшысы Мархабат Байғұт жүргізді. Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық тәжік этномәдени орталығының төрағасы Акабай Худайкулов, Сайрам аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Байназар баяндама оқыды.
Алқалы басқосуда Президенттің жаңа Жолдауын талдау арқылы жұртшылықты оқып-үйренуге шақыру, өңір xалқының бірлігін нығайту мен дамыту, ұлтаралық, дінаралық келісім жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының тиімділігін арттыру, дүниежүзілік дағдарыс кезеңінде жастар тәрбиесіне бұрынғыдан да айрықша назар аудару мәселелері айтылды. Жиында жастар аға буын өкілдеріне сауалдарын қойып, пікір алмасты. Аталған тақырыпты талқылай келе, жиын соңында форум мүшелері арнайы қарар қабылдады.