$ 498.34  519.72  4.85

«Үкімет халықты басынып, әдейі істеп отыр ма?»: президентке Тәуелсіздік күнін тасада қалдырмау туралы ұсыныс жасалды

Желтоқсанның 5-10-дарында алаңға шырша тігіп, оның демонтажы ақпанның басына дейін созылып кетуі доғарылуы керек!

Қоғамдық белсенді Амандық Дәулетбекұлы facebook парақшасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсыныс жасап, биыл Тәуелсіздік күні мерекесінің жылдағыдай Жаңа жылдың тасасында қалып қоймауы керектігін ескертті. Оған желідегі 600-ден астам адам қолдау танытқан пікір жазып, 400-ден астамы жазбаны өз парақшаларында бөліскен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Тәуелсіздік күнін де, Жаңа жылды да президент ретінде алғаш рет қарсы алғалы отыр. Демек, бұл – оны ойлантар ұсыныс. Сондықтан біз оқырман назарына Амандық Дәулетбекұлы жолдаған ашық хатты толыққанды ұсынуды жөн көрдік:

«Астана мен ірі қалалардың, облыс-аудандардың әкімдеріне Премьер-министрге тапсырма бергізуге президент Тоқаев мырзаға ұсыныс (әлде, өтініш дейін бе?).

Соңғы бірнеше жылдан бері желтоқсан айында белсенді әм есті азаматтардың барлығының «негатив» тақырыбына айналатын «Новогодний психоз» деп аталатын (мен солай атадым) тема бар. Сол туралы бір-екі ауыз сөз айтайық.

Статистикалық деректерге қарасақ, желтоқсанның соңғы он күндігі мен қаңтардың алғашқы он күндігі арасындағы жиырма күнде:
1. Тұрмыстық зорлық (арақ ішкен бай қатын сабайды);
2. Жол-көлік оқиғасы, адам шығыны (мас күйінде көлік жүргізу);
3. Жаппай бұзақылық, төбелес, одан шығатын тіпті ұлтаралық араздыққа да ұласуы мүмкін жағдаяттар (Мысалы, Древний Рим-Қарағанды, т.с.с.);
4. Жұмыс біткеннің берекесі кетіп, әдірам қалуы (көп адамды жұмыс орнынан таппай қаласың), бұдан келіп төтенше жағдайлардың орын алуы-ӨРТ, т.с.с. (елдің бәрінің есіл-дерді шампан ішу, корпоратив, т.с.с.).

...Тағы сол сияқты көптеген келеңсіздіктер күрт артады екен. Бұл бір!

Екіншіден, Желтоқсанның біріндегі мейрамды (елбасы күні) есептемеген күннің өзінде, Жаңа жылдан басқа біз – мемлекетшіл ұлтшылдар үшін ең қасиетті мейрам (негізі қазанның 25-і болу керек қой), ең қадірлі дата – Тәуелсіздік күні деген күн бар, естеріңізде болса. Бұл мейрам басқа мейрамның көлеңкесінде қалмауы керек! Тәуелсіздік күнімен құттықтаған билбордтар, жол жиегінде жалаулар, дәл осы сөз жазылған безендірулер, қала алаңдарында ашық кәнсерттер, арнайы тележобалар, мектептердегі іс-шаралар т.с.с. шаралар желтоқсанның онынан жиырмасына дейін толассыз дүркіреп тұрса да еш артық емес. Желтоқсанның 5-10-дарында алаңға шырша тігіп, оның демонтажы ақпанның басына дейін созылып кетуі доғарылуы керек!

Үшіншіден, «Желтоқсан» деген сөз – қазақ үшін өте ауыр да күрделі ұғым. Желтоқсан көтерілісі (оқиға емес, көтеріліс! 30 жылдықта 2016-да Астанада өткен конференцияда халықаралық қауымдастық құқықтық-саяси бағасын дәл солай берген) мен Жаңаөзендегі қанды қырғындарды естен қалай шығарарсың?! Кінәсіз қырылғандарды еске алып, дұға бағыштамасақ, қай жеріміз қазақ?

Төртіншіден, Marat Uatkan, Arman Shorayev, Margulan Boranbay, MQ Aman Qazaq, Мұхтар Тайжан, Мурат Абенов, тағы басқа елім деген азаматтар бір емес, бірнеше жылдан бері бұл мәселені көтеріп келе жатыр. Бірақ, жылда байқайтынымыз: «баяғы жартас – сол жартас». Осыдан келіп, Үкімет халықты басынып, әдейі істеп отыр ма деген де ой келмейді емес, шынымды айтсам.

ҰСЫНЫС
1. Желтоқсанның 20-сына дейін ешбір елді мекенде Жаңа жыл тойлауға қатысты шаралардың өтуіне жол бермеу, тыйым салу. Орындаушы – Жергілікті атқару органдары, ішкі саясат бөлімдері;
2. Желтоқсан көтерілісінің тағылымдық мәні туралы барлық білім беру мекемелерінде желтоқсан айында іс-шара өткізуге Білім және ғылым министрлігіне тапсырма беру.

Ағайын, егер осы ұсынысымды қолдайтын болсаңыз, төменде комментарий ретінде толық аты-жөніңізді жазып қалдырыңыз. Барлығын жинап, Ақорданың канцеляриясына өткіземін. Тапсыруға қатысам дегендеріңіз болса, мархабат! Оны да жазыңыздар.

Постты бөліскен азаматқа алғысым шексіз. Берік Уәли, президенттің қасында жүрсіз ғой, жеткізе аласыз ба?

P.S.: Тупизмге бюджеттен миллиондаған қаражаттың жұмсалатынына қынжыламыз ғой. Одан бөлек, жергілікті акиматтардың кәсіпкерлер мен КСК-ларға (бөліп берген территорияны безендіруді міндеттеп, оны комиссиямен тексертіп) қосымша қаржылық салмақ салып отырғанын көбінесе айтпай қап жатамыз. Бұл да бір індет».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары