$ 494.87  520.65  4.91

Елбасының кітабы Еуропада 17 мың теңгеге сатылып жатыр

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Leadership Perspectives» атты кітабы ірі халықаралық интернет-дүкенде сатыла бастады деп хабарлайды SN.

Аталған жинақ Мемлект басшысының 2012-2015 жылдар аралығында оқыған баяндамаларынан тұрады. Кітаптың бағасы - 35 фунт немесе шамамен 17 мың теңге. Басылымның алғысөзінті Ұлыбритания премьер-мигнистрі Дэвид Кэмеронның өзі жазған.

«Өзінің даму деңгейі бойынша Қазақстан аймақтағы маңызды ойыншылардың бірі болып қалыптасты. Бұл ел БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінен орын алуға, Еуропалық одақ елдерімен байланысын нығайтуға ұмтылуда және жуырда ғана ДСҰ-ның толыққанды мүшесі атанды. Мемлекеттің алдына қойған ең негізгі мақсаты - 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену. Қазақстан мен Британия болашақтың жобаларын жүзеге асыруда бірге жұмыс істей отырып, жаһандық бәсекелестікте жетістіктерге жетуге бір-біріне қолдау көрсете алады» делінген Кэмеронның сөзінде.

Айта кетейік, кітапқа Елбасының күнделікті жұмысын көрсететін 30-дан астам сурет енгізілген. Оның 18-і Президенттің өзге ел басшыларымен болған кездесулерден түсірілген суреттер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары