$ 498.34  519.72  4.85

Жемқорлықпен сотталған Мұрат Оспанов шошқа өсіріп жан баққан

ҚР Табиғи монополияларды қорғау агенттігінің экс-төрағасы, өткен жылы жемқорлықпен аты шығып, мемлекетке 1 миллиард теңге айыппұл төлеген Мұрат Оспанов шошқа өсірумен айналысатын ROVANI GROUP компаниясында жұмыс істеп, күн көріпті. Бұл жайында Today.kz хабарлады.

Мұрат Оспанов аталған компания басшысының экономикалық істер жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған.

«Электронды үкіметтің» дерегіне сүйенсек, ROVANI GROUP  ЖШС 2014 жылдың 1 қарашасында қайта тіркеуден өткен. Негізгі құрылтайшысы – «АстанаСтройИнвест Компаниясы» L. ROVANI S.R.L.

Шенеунік қызмет еткен компанияның басты жұмысы торайларды көбейтіп, шошқа өсіру.

Естеріңізде болса, экс-төраға 2014 жылдың шілде айында лауазымынан босап, кейін оның үстінен 300 мың доллар пара алды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған болатын. 2015 жылдың ақпан айында ол мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан өмір бойына айырылып, мемлекет қазынасына 1 млрд теңге айыппұл төлеу жазасы кесілген. Сот үкімі күшіне енген күннен бастап тоғыз айдың ішінде ол айыппұлды толық төледі.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары