$ 494.87  520.65  4.91

Электр жарығымен қамтылған

Бүгінгі таңда Сайрам аумағы Тассай бөлімшесі мен Қайтпас, Нұртас шағынаудандарындағы 594 отбасы сапалы электр жарығымен қамтылды.

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz.

Аудан аумағында жалпы – 47 202 тұрғын үй қоныстанған болса, оның 38 142 үй, яғни (80,8%) — қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің балансындағы, ал, 9 060 үй (19,2%)  жекеменшіктегі электр трансформаторлары арқылы электр жарығын пайдалануда.

Бүгінгі таңда Сайрам аумағы Тассай бөлімшесі мен Қайтпас, Нұртас шағынаудандарындағы 594 отбасы сапалы электр жарығымен қамтылды.

Асар-2, Достық шағынаудандары мен Тассай, Шапырашты, Өтеміс тұрғын алаптарында электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы 6 146 отбасы толық сапалы электр жарығымен қамтылатын болады.

Ал Қайнарбұлақ тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында ЖСҚ-сы әзірленген. Құрылыс жұмыстары 2020 жылға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары