$ 449.58  486.94  4.86

Бақынжан Сағынтаев: «Алматы – ел экономикасының локомотиві»

Бақытжан Әбдірұлы бәсекеге қабілетті қала қалыптастыру жолында, даму басымдықтарын ұзақ мерзімге айқындап алудың маңызы зор екенін атап өтті. «Алматы - 2050» стратегиясы - нақ осы талаптарға сәйкестендірілген құжат.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы - 2050» даму стратегиясын қоғамдық талқылауға ұсынды.  Онда шаһар басшысы «Рухани жаңғыру» аясында Елбасының тапсырмасымен әзірленген «Алматы - 2050» даму стратегиясын қоғамдық талқылауға ұсынды. Бұл туралы Sn.kz хабарлайды.

Осынау аса маңызды құжат - еліміздегі ең ірі мегаполистің жан-жақты даму бағдарын айқындайды. Қаланың даму стратегиясы 3-5 жылдарға арналған жұмыс жоспарларын қамтиды.  

«Өздеріңізге белгілі, қала басшылығына тағайындалғаннан бері Сіздермен бірге экология, қауіпсіздік, сумен қамтамасыз ету және тағы да басқа сол секілді кезек күттірмейтін өзекті мәселелерді күн тәртібінде қарастырып келеміз. 

Қаламыздың шет аймақтарын дамытуға бағытталған «Жаңа Алматы» жобасы әзірленді. «Үлкен Алматыны» құру мен агломерацияларды дамыту жоспарын нақтылай түстік. Күні кеше, бұл жобалар жөнінде Мемлекет Басшысына баяндадым. 

Сондай-ақ, қала тұрғындарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңірек ақпараттандыруға тырысамын», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев. 

Сондай-ақ, Бақытжан Әбдірұлы бәсекеге қабілетті қала қалыптастыру жолында, даму басымдықтарын ұзақ мерзімге айқындап алудың маңызы зор екенін атап өтті. «Алматы - 2050» стратегиясы - нақ осы талаптарға сәйкестендірілген құжат. 

Бұл өзгерістерге  дайын болып, күрделі сұрақтарға жедел жауап беру мен урбанизация дағдарысының алдын алуға жасалған нақты қадам. Шаһар басшысы бұл тұрғыда әр алматылықтың пікірі маңызды екінін де тілге тиек етті.

«Стратегия кәсіби мамандармен, сарапшылармен бірлесе отырып әзірленді. Іскерлік қоғам комитеттерінің, Қоғамдық кеңес мүшелері мен қала белсенділерінің қатысуымен жан-жақты талқыланды. 

Әлемнің  дамыған 100 қалаларының қатарына енетін, өмір сүруге ыңғайлы, бәсекеге қабілетті – Алматының одан әрі даму жолын өздеріңізбен бірге айқындау, әрқайсыларыңыздың пікірлеріңізді тыңдау мен үшін өте маңызды», деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Стратегияның толық мәтіні қалалық газеттерде және Almaty-2050.kz арнайы сайтында жарияланды. Сол жерге сіздер өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары