$ 494.87  520.65  4.91

Шағын және орта бизнес өкілдерінің үштен бірі – Шымкентте

Аида Балаева қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау жолында жергілікті жерлердегі Қоғамдық кеңестің елеулі орны бар екенін және алдағы уақытта да оның рөлін күшейте беру керектігін айтты.
фото: shymkenttv.kz
фото: shymkenttv.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездескен жиында өңірдегі кәсіпкерлік саласы да сөз болды, деп хабарлайды Sn.kz.

Шағын және орта бизнес өкілдерінің үштен бірі - Шымкентте. Оған қоса біз Өзбекстанмен шектесіп жатырмыз. Тауар бағасында бәсеке бар. Сондықтан нарыққа төтеп бергені ғана қалады. Президент көмекшісі Аида Балаева рухани жаңғыруға үн қосып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде Шымкент қаласының қосып отырған үлесі жоғары екенін атап өтті.

– Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласын жариялады. Содан бері үш жылға жуық уақыт өтті. Бүгінде, республика көлемінде аталмыш бағдарлама аясында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Бұл бағытта Шымкент қаласында да атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар көп. Шымкент – берекелі, мерекелі қала, жүректерге шуағын шашқан шырайлы шаһар. Барлық салада жетістіктері аз емес. Оны ұмытпауымыз керек. «Рухани жаңғыруды» жиі айтып жүрміз, шын мәнінде, ата дәстүрімізді толық танымай, санамызды түземей, рухани жаңғырып жетілу мүмкін емес. Дамуға кесірін тигізетін жат қылықтардан арылатын кез келді. Ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқылы болашаққа нық қадам басу мемлекетіміздің негізгі мақсаты болуы керек, – деді Аида Балаева.

Аида Балаева қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау жолында жергілікті жерлердегі Қоғамдық кеңестің елеулі орны бар екенін және алдағы уақытта да оның рөлін күшейте беру керектігін айтты.

– Ең бастысы, білім сапасы жақсармай, қоғам дамымайды. Құқықтық сауаттылыққа көбірек мән беру керек. Бұл ретте Қоғамдық кеңестің рөлі өте зор. Яғни, бірлесе отырып шешетін мәселелер жеткілікті. Біз Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін толық пайдалана алмай отырмыз. Қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу тек мемлекеттік органдардың ғана жұмысы емес. Бұл – жалпы қоғамның міндеті, – деп сөзін түйіндеді Аида Балаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Аида Балаева