Жақын күндері Парижде «Норманд төрттігінің» кездесуі өтетіні белгілі. Оған Германия, Франция, Украина және Ресей басшылары қатысады. Осыған орай Украинаның бұрынғы басшысы Петр Порошенко қазіргі президент Владимир Зеленскийге кеңес берді,-деп хабарлайды SkifNews ақпарат порталы qamshy.kz-ке сілтеме жасап.
Украинаның экс-президенті барлық келіссөздерді тек қана Минск келісімінің аясында ғана өткізу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, бейбітшілікті қалпына келтіру үшін Донбасс аумағына тек қана БҰҰ-ның бітімгершілік әскері ғана енуі тиіс.
"Абайла, Путинге ешқашан сенуге болмайды. Ол келіссөз барысында әртүрлі айла шарғыға баруы мүмкін. Оның алдында жалпақтап керегі жоқ. Ол КГБ -ның адамы болғандықтан әртүрлі саяси әрекетке барады. Алдаусыратып, арзан газ тасымалы мәселесін де қозғауы мүмкін. Сондықтан сыр бермеу керек", – деді Украинаның бұрынғы басшысы бүгінгі президент Владимир Зеленскийге. Ескерте кетейік, «норманд төрттігінің» кездесуі 9 желтоқсан күні Париж қаласында өтеді.