$ 494.87  520.65  4.91

Шеру кезінде адамдарға оқ атылды

30-дан астам адам жарақат алды. Мәліметке қарағанда, оқ көліктен атылған.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Ирак астанасында үкіметке қарсы наразылық шеруі кезінде әлдекімдер жиылған көпшілікке оқ атып, 12 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

30-дан астам адам жарақат алды. Мәліметке қарағанда, оқ көліктен атылған. Еске сала кетейік, Иракта толқулар қазан айынан бері жалғасып келеді. Оған елдегі жемқорлық пен жұмыссыздық түрткі. Өткен аптада премьер-министр Адиль Абдул Махди отставкаға кетті. Бірақ халық оған да басылар түрі жоқ. Енді биліктен саяси жүйені түбегейлі өзгертуді талап етіп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары