$ 494.87  520.65  4.91

«Жалақы, кабинет қарастырылмаған»: экономист Олжас Құдайбергенов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болды

Президент экономика бойынша штаттан тыс кеңесші болуды ұсынды. Штаттан тыс кеңесші үшін жалақы, кабинет қарастырылмаған.
Фото: kaz.tengrinews.kz
Фото: kaz.tengrinews.kz

Белгілі экономист Олжас Құдайбергенов Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Президент экономика бойынша штаттан тыс кеңесші болуды ұсынды. Штаттан тыс кеңесші үшін жалақы, кабинет қарастырылмаған. Мұндай формат қазіргі жұмысыма кедергі келтірмейді және президентке қажетті идеяларды ұсына аламын. Жалпы, бұл қоғамдық жүктеме және Президент тарапынан жоғарғы сенім. Осы үмітті ақтауға жазсын, елге және қоғамға пайда тигізуді бұйырсын", - деді Құдайбергенов. 

Еске салайық, 25 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Құдайбергеновті қабылдады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары