Бүгін АҚШ-та тұратын қандастарымыз қазақ-қытай шекарасын кесіп өткен шыңжаңдық Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханұлына босқын мәртебесін беруді талап етіп алаңға шықты,-деп хабарлайды SkifNews ақпарат порталы.
Ол туралы Қаржан Бекболат есімді азамат Facebook-парақшасынада "өз елімізде үрейге бой ұрып, шет елде митингіге шығып жатқан қандастарымызды да көрсетті-ау, бұл Тәңірім" деп жазба қалдырған. Сондай-ақ, ереуілде Гонконгтың мыңдаған азаматы бой көрсетіп Қытай диктатурасына қарсылықтарын білдірген.
Алаңға Қастер мен Мұрагердің суретін алып шыққан Қазақстан азаматтары "Назарбаев кетсін!" деп ұрандатқан.