$ 494.87  520.65  4.91

Депутаттар Мәжілісті тарату ұсынысын қуана қабыл алды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары отырыс барысында мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы бастаманы бірауыздан қолдады. 

Отырысқа қатысқан 103 депутаттың барлығы бірауыздан бастаманы қолдап, дауыс берді.

«Елдегі экономикалық ахуалдың өршуіне байланысты кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылданып отыр. Тарихи кезеңге аяқ басқалы жатқанда, біз елді жаңғырту мен барлық бағыт бойынша президенттік реформаларды жүзеге асыруды бастаймыз, 2016 жылдың соңына дейін күте алмаймыз. Сол себепті Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлап алуды ұйғардық. Біз үшін әр күніміз қымбат», - деді «Нұр Отан» партиясының атынан Нұрлан Әбдіров.

Естеріңізге салайық, бүгін таңертең Мәжіліс депутаты Владислав Косарев журналистермен кездесіп, Елбасыға Парламенттің төменгі палатасын тарату ұсынысын жолдағанын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары