$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда шетелдік студеттер «Бірінші Президент күнін» атап өтті

Шетелдік студенттер бейнетаспа арқылы Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағы, жас кезі, оқу жылдары, отбасы, жұмысы, саяси көзқарасы туралы танысып білді.
фото: mangystaumedia.kz
фото: mangystaumedia.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 30 қарашасында Қазақстанның Бірінші Президенті күніне арналған «Бірінші Президент күні. Ұлт көшбасшысы – Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрушы» атты ашық кураторлық сағаты өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.

Ашық кураторлық сағатты өткізуге кафедраның оқытушылары және шетелдік студенттері қатысты. Іс-шара барысында студенттер Қазақстанда 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бірінші Президент күні аталып өтетінін білді.  

Жиында сөз алған кафедра оқытушысы М.А. Азнабакиева 1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстанда алғаш рет бүкілхалықтық президентті сайлау өтуі - осы мерекені атап өтуге негіз болғанын, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш Қазақстанның Бірінші Президенті болып, ол бұл қызметті 2019 жылдың 19 наурызына дейін атқарғанын сөз етті.  

Доцент Игнатова Е.Р қазіргі кезде Қазақстанның қазіргі демократиялық мемлекет ретінде халықаралық қоғамдастық болып мойындалғанын, 1990 жылы 24 сәуірден бастап Республиканы басқаруда Бірінші Президент Н.Ә. Назарбаевтың еңбегінің зор екенін атай отырып, Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаев – жаңа тәуелсіз мемлекетті құрушы, Қазақстанның бірлігін, Конституцияны қорғауды, адамның және азаматтың еркіндігін және құқығын қорғауды қамтамасыз еткенін, Н.Ә. Назарбаевтың әрқашан жастарды ойлайтынын, мысалы, 1994 жылдан бастап қазақстандық студенттер шетелге оқуға шығып тұратынын, «Болашақ» стипендиясы жағдайы төмен, бірақ алдына мақсат қойған көптеген жастарға сапалы білім алуға мүмкіндік бергенін,  2010 жылы Нұр-Сұлтанда білім беру сапасы халықаралық деңгейдегі, әлемнің атақты  профессор оқытушылары сабақ беретін «Назарбаев» университеті ашылғаны туралы түсіндіріп өтті. 

Толмачева Д.С. Бірінші Президент Н. Назарбаев спортпен белсенді түрде айналысатыны, жастарды да жаман әдеттерді жойып, салауатты өмір сүріп, спортпен шұғылдануға шақыратыны туралы айтып, оның «Стратегия-2050», «Нұрлы жол-болашаққа жол» және «Ұлттық 100 нақты қадам жоспарлары» Жолдауларында көрсетілген көлемді мақсаттары қоғамның нығаюының және бірлігінің жалпыұлттық факторы болып табылатынын сөз етті.  

Шетелдік студенттер бейнетаспа арқылы Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағы, жас кезі, оқу жылдары, отбасы, жұмысы, саяси көзқарасы туралы танысып білді. 

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күнін мерекелеу – бұл Н.Ә. Назарбаевты еңбегі үшін құрметтеу. Қазіргі кезде ел әлемге танымал, өзінің дамуы бойынша жобалары көп. Қазіргі Қазақстан жетістіктерге Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің, батылдығының, ержүректілігінің, саяси еркіндігінің арқасында жетті деп айтуға болады. 

«Бірінші Президент күні. Ұлт көшбасшысы – Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрушы» атты ашық тәрбиелік іс-шара шетелдік студенттердің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар бұл маңызды іс-шара студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деп санауға болады. 

Бұл, біріншіден, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы шетелдік студенттердің рухани-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, екіншіден шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы шара болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары