$ 494.87  520.65  4.91

Қанат Бозымбаевтың қызметі өзгерді

Сондай-ақ, Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған Дархан Қалетаевтың орнына осыған дейін Президент көмекшісі болған Мәулен Әшімбаев келді.

Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сондай-ақ,  Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған Дархан Қалетаевтың орнына осыған дейін Президент көмекшісі болған Мәулен Әшімбаев келді.

Жаңа қызметке келгендер қатарында бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова да бар. Енді ол Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары