$ 446.49  475.38  4.79

«Сула каблук»: полицей киіміндегі азамат қарға түсініксіз жолдау қалдырды (ВИДЕО)

Павлодар облысындағы полицей жолдауын қар үстіне таптап жазды.

ИнстаграмдағыТipavlo паблигінде ер адамның қар үстінде аяқ іздерінен құралған «дөрекі жолдауы» жазылған видео жарияланған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Сула каблук» деп жазады ол қар үстінде. Видео қоғам тарапынан резонанс тудырды. Ер адам полицей киімін кигендіктен, оны құқық қорғау органдарың өкілі деп есептепті. «Сұлу әйелің демалыс күні патрульге жібермей отыр ма?», «Мүмкін ол серіктесін қызғанған шығар, ауырып қалдым деп алдап, демалыс алған шығар?!», деп видеоның астында пікір қалдырып жатыр. 

Павлодар облысының Полиция департаменті бұл олардың қызметкері емес екендігін айтады.  

ІІМ баспасөз қызметінен белгілі болғандай, видеодағы ер адам Павлодар облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері екен.  

«Ол - ерекше маңызды нысандарды күзету жөніндегі қызметтің өкілі», - деп толықтырды министрліктің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары