$ 444.22  476.38  4.82

Шыңғыс Айтматовтың күйеу баласын Алматы әуежайында ҰҚК ұстады (ФОТО)

Алматыға ұшып келгенде Кенжебаевтан "мені ұстады" деген хабарлама түседі. Артынша оның телефоны өшірілген.
фото: currenttime.tv
фото: currenttime.tv

Қырғызстанның экс-депутаты, "Умут-2020" қозғалысының негізін қалаушы Шырын Айтматова 19 желтоқсанда Twitter-дегі парақшасында күйеуі Сырғақ Кенжебаевтың Алматы әуежайында жоғалып кеткені жөнінде жазба қалдырған болатын. Оның күйеуін Қырғызстанның мемлекеттік ҰҚК қызметкерлері ұстап алып кеткені кейінірек белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Kloop.kg сайтының мәліметіне сүйенсек, экс-депутат отбасымен бірге анасын емдету үшін шет елге ұшпақ болыпты. Алматы әуежайы арқылы ұшып, сол жерде күйеуімен кездесуді жоспарлаған. Дегенмен, Алматыға ұшып келгенде Кенжебаевтан "мені ұстады" деген хабарлама түседі. Артынша оның телефоны сөндірілген.

Шырын Айтматованың айтуынша, Air Astana күйеуінің тіркеуден өткенін айтып, әйтсе де ешқайда ұша алмайтынын мәлімдепті. Белсенді президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан да көмек сұраған.

Қырғызстан ҰҚК-нің хабарлауынша, Кенжебаев "алаяқтық" бабы бойынша күдікке ілінген. Оған қоса, Қырғызстанға "Қауіпсіз қала" жобасының екінші кезеңіне қатысу үшін келген Қытайдың ірі компаниясының өкілі оның үстінен шағым түсірген.

"Кенжебаев түрлі сылтаулармен Қытай инвесторының сеніміне кіріп, өтініш берушінің 350 мың доллар ақшасын иемденген және оны қайтарудан бас тартқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары кезінде Қытай инвесторынан қосымша 250 мың доллар көлемінде ақша талап еткеніне бұлтартпас дәлел бар" делінген ҰҚК хабарламасында.

Қазір Кенжебаев ҰҚК-нің уақытша тергеу изоляторында отыр.

Еске сала кетсек, Шырын Айтматова - атақты жазушы Шыңғыс Айтматовтың қызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары