Алматы әуежайында ұсталған Қырғызстанның экс-депутаты Шырын Айтматованың күйеуі Сырғақ Кенжебаев екі айға тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы оның әйелі, Қырғызстан парламентінің депутаты Шырын Айтматова хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Экс-депутат Шырын Айтматованың күйеуінің сот ісіне қатысты Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.
Комитет Кенжебаевқа "алаяқтық" айыбы тағылғанын хабарлаған. Оның үстінен қытай азаматы да арыз жазған. Ол арызында "350 мың доллар ақшамды алдап алып қойды" деген уәжін алға тартқан.
Күйеуінің басына түскен қиыншылықты жазушының қызы Шырын Айтматова өзінің соңғы кездері жемқорлық жайлы жазып жүрген "саяси белсенділігімен" байланыстырып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Сырғақ Кенжебаев 19 желтоқсанда Алматы әуежайында МҰКҚ ұстағаны анықталған болатын.