$ 443.85  474.3  4.8

"Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін көрсетті» - Қасым-Жомарт Тоқаев

Гүлдала ауылының тұрғындары ұшақ құлаған жерде жұмыс істеп жатқан құтқару қызметінің мамандарына ыстық тамақ беру шарасын ұйымдастырды.
фото: akorda.kz
фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апаты кезінде ауызбіршілік танытқан қалың көпшілікке алғыс айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс айтамын. Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты. Алматылық донорларға көп рақмет. Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті» деп жазды президент өзінің Twitter парақшасында.

Еске сала кетсек, кеше Алматыда 500 адам Bek Air ұшағы апатынан аман қалған адамдар үшін қан тапсырған болатын. Сондай-ақ, Гүлдала ауылының тұрғындары ұшақ құлаған жерде жұмыс істеп жатқан құтқару қызметінің мамандарына ыстық тамақ беру шарасын ұйымдастырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары