$ 494.87  520.65  4.91

«Шындық осылай ашыла береді енді!»: Қожамжаровтың Назарбаевқа жазған хаты желілерде жүр (ФОТО)

«Әуе ұшақтарына, билет бағаларына қатысты проблеманы көтерген екен! Негізі бізде мықты азаматтар бар, тек жан-жағындағы шакалдар жұмыс істетпейді!».
фото: baribar.kz
фото: baribar.kz

Белгілі заңгер, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек facebook парақшасына сенатор Қайрат Қожамжаровтың Бас прокурор кезінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған ресми хатын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерге тарап жатқан ол хатта қазақстандық әуекомпанияларға қатысты бірқатар мәселелер көрсетілген.

«Әуе ұшақтарына, билет бағаларына қатысты проблеманы көтерген екен! Негізі бізде мықты азаматтар бар, тек жан-жағындағы шакалдар жұмыс істетпейді! Қожамжаровты бекерден бекер Сенатқа жібермеген сияқты.

Қайрат мырза халық үшін жұмыс істегісі келді, істетпеді. Ұйықтайтын орынға жіберді Сенатқа! Шындық осылай ашыла береді енді! Халықтан еш нәрсе жасыра алмайсыңдар!» - деді Айгүл Орынбек, 5 беттік хатты оқырман назарына ұсынған жазбасында.

Хатты оқыған желі қолданушылар «Күшті жазған екен. Бірақ, назар дұрыс аударылмаған ба?», «Қожамжаровты да қазір қысып жатқан жоқ па?», «Мәссаған!!! Біздегі аэропорттардың барлығы жекешеленіп кеткен екен ғой», «Міне, мәселе қайда жатыр? Бірақ, жіті мән берілмеген сияқты. Әйтпесе, бір жыл бұрын-ақ дабыл қаққан екен құзырлы орган» деп шуласты.

Ал Қожамжаров Назарбаевқа не жазды дегенге келсек, ол хаттың толық нұсқасы мынау:

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары