$ 494.87  520.65  4.91

«Теракт немесе ұшаққа зымыран ату басты назарға алынуы қажет» - сарапшы

"Тегеранның әуе қауіпсіздігін ескермеуі нағыз қылмыс" дейді Вадим Лукашевич.
Фото: Ernur.kz
Фото: Ernur.kz

Күні кеше украиналық ұшақтың әуеге көтерілген бойда құлағаны және ондағы жолаушылардың барлығы тегіс қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Дәл осы оқиғаға қатысты ресейлік сарапшы Вадим Лукашевич ойын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сарапшының сөзінше, Тегерандағы ұшақ апатына себеп болған жағдай ретінде зымыранның тиюі немесе теракт қарастырылуы шарт.

Лукашевичтің сөзіне үңілсек, қазіргі кездегі Иран мен АҚШ арасындағы кикілжің кезінде украиндық ұшақтың құлауы жайдан-жай емес көрінеді. Оған қоса, сарапшы, АҚШ базасына Иранның ондаған зымыранмен шабуыл жасауынан да саяси астар іздеп отыр.

"Сол себепті теракт немесе ұшаққа зымыран ату басты назарға алынуы қажет", - дейді ресейлік сарапшы.

Қазіргі таңда ұшақтың құлауына себеп болған жағдай қозғалтқыштың жануы деген болжам бар. Әйтсе де, Лукашевич бұл себеп емес, оқиғаның салдары ғана деген тұжырымда.

"Видеода егер ол жалған болмаса, ұшақтың 25 градусқа еңкейіп құлап келе жатқандығы көрініп тұр. Ұшақтың қозғалтқышы осы сәтте отқа оранған, яғни ұшақтың тізгінін қолға ұстау мүмкін емес болған",- деп ұшақтың жерге құлаған сәтінен тараған видеоны көрген сарапшы осылай топшылады.

Мұнан өзге, ол әуе кемесінің қалдықтарының арасында табылған бөлшектер қолмен басқарылатын зениттік зымыраннан келген зақымнан болуы мүмкін екендігін де айтты. Лукашевич осы сарапшылық ой-пікірлері арқылы ұшақтың жерге құлағаннан кейін жарылғанын меңзеді.

Айтпақшы, сарапшы Иран басшылығын да сынады. Мәселен, оның ойынша Вашингтонмен арадағы кикілжің кезінде мемлекет өздерінің әуе кеңістігін жаппаған. "Тегеранның әуе қауіпсіздігін ескермеуі нағыз қылмыс" дейді Вадим Лукашевич. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары