$ 514.65  544.6  5.17

Жаңа жоба: Қазақстанда шен-шекпенділердің халыққа берген уәдесі қадағаланатын болды

Шенеуніктердің берген уәделері қазақ және орыс тілдерінде жинақталып, олардың орындалу мерзімдері көрсетіледі.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Қазір Factcheck.kz сайты «Уәделер» күнтізбесін іске қосып отыр. Бұл жоба Қазақстанның лауазымды тұлғаларының берген уәделері мен анонсталған жоспарларының орындалу барысын бақылауға көмектесетін көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сайтта шенеуніктердің берген уәделері қазақ және орыс тілдерінде жинақталып, олардың орындалу мерзімдері көрсетіледі. Бұл құрал уәделерді қадағалаудың фактчекингтік форматына жатады және бұқараны шенеуніктердің мәлімдемелері мен әрекеттерін бақылауға көмектесуге шақырады.

Уәделерді қадағалау форматы туралы толығырақ сайттың ақпараттық бөлімінен оқуға болады екен. Жоба «Сорос-Қазақстан» Қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылған.

Бұл жобаның қанша уақыт жұмыс істеп, қандай нәтижеге қол жеткізерін кім білсін, әйтеуір, тәуір бастамалар қатарынан көруге болатын сияқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары