Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда тараған коронавирусқа қатысты жедел желіні іске қосты, деп хабарлайды, Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан cаll-орталық (1406, +7 717 2 76 80 43) іс қосылды. Азаматтар осы нөмірлерге тәулік бойы хабарласып, әлемдегі коронавирусқа қатысты ахуал жайлы сұрақтарына жауап ала алады.
Сонымен бірге, жедел желі аурудың негізгі белгілері мен алдын алу шараларына байланысты пайдалы кеңес бере алады» деп жазылған министрліктің facebook парақшасында.