$ 494.87  520.65  4.91

«Тым шектен шығып кетті»: Дат газеті Қытай туындағы жұлдызшалардың орнына вирустарды бейнелеген

Бас редактор газеттің Қытайдағы ахуалды келемеж ету ниеті болмағанын мәлімдей отырып, елшіліктен кешірім сұраудан бас тартты.

Даниядағы ҚХР елшілігі «Jyllands-Posten» газетінен Қытай туындағы жұлдызшалардың орнына коронавирус салып қойған карикатурасы үшін кешірім сұрауды талап етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Ешқандай уайым немесе жанашырлық танытпастан, газет сөз бостандығы нормалары мен өркениетті қоғам этикасын бұза отырып, тым шектен шығып кетті», – делінген елшіліктің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Сондай-ақ, газет редакциясы және карикатураны салған суретші Нильс Бо Бойесен осы жарияланым үшін қытай халқынан кешірім сұрауы керек делінген.

Карикатура 27 қаңтарда жарық көрген. Онда ҚХР-дың қызыл түсті туындағы сары жұлдызшалардың орнына вирустар бейнеленген екен. Басылымның бас редакторы Якоб Нибро газеттің Қытайдағы ахуалды келемеж ету ниеті болмағанын мәлімдей отырып, елшіліктен кешірім сұраудан бас тартты.

«Біз өзіміз қате деп есептемейтін нәрсе үшін кешірім сұрай алмаймыз. Біздің Қытайдағы жағдайды әжуа етейік немесе намыстарына тиейік деген ойымыз болған жоқ. Сондықтан суреттен кемсітушілік көрудің еш реті жоқ», – деді ол журналистерге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары