$ 481.84  531.33  5.07

Қытайдан Қазақстанға ауыстырылған теннис олимпиадасы өткізілмейтін болды

ҚХР азаматтарына визалар беру тоқтатылды.

ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Primeministr.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылғы 29 қаңтардан бастап ҚР мен ҚХР арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды;

2020 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады;

2020 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады; 

ҚХР азаматтарына визалар беру тоқтатылды;

2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады, сондай-ақ 2020 жылғы 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.

Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағалауда. Биылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген. Аталған мәселе ел басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары