$ 494.87  520.65  4.91

«Олай жасамаймын»: жиналыс кезінде «ұйықтап қалған» Владислав Косарев жауап беруге дайын

Ал Косаревтің жанында сөйлеп отырған депутат Берік Дүйсембинов видеоны көріпті. Тіпті, дәл осы сәттің толық нұсқасын қарап шыққанын айтты.

Мәжіліс депутаты Владислав Косарев желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған видеода депутаттардың біреуі сұрақ қойып отыр. Ал оның жанында отырған Қазақстан коммунистік партиясының мүшесі, мәжіліс депутат Владислав Косарев құлаққаптың бір жағын түсіріп, көзін жұмып отыр. Желі қолданушылары оны ұйқыға кетті деп сынға алды.

Депутат Косаревтың өзі видеоны көрмегенін айтты. Алайда ол жайында біреу сұраса, жауап беруге дайын екенін жеткізді.

"Адамдар жазса, жаза берсін. Енді, мен нарызылық білдіремін бе? Олай жасамаймын. Ондайда үндемей құтылған дұрыс. Мен өзім видеоны көрген жоқпын. Көргеннен кейін сұраған адамға жауап беретін сөз табамын. Алдымен көрейін, сосын жауап беремін", - деді Косарев.

Ал Косаревтің жанында сөйлеп отырған депутат Берік Дүйсембинов видеоны көріпті. Тіпті, дәл осы сәттің толық нұсқасын қарап шыққанын айтты.

"Мен бүгін толық видеоны алдым. Бұл кісі ұйықтап отырған жоқ. Бізде аударма бар ғой. Сол аударманы құлағына салып, тыңдап отырған беті. Толық видеоны қарасаңыздар, ол ыңғайлы отырып алып, менің сөзімді тыңдай бастайды. Қасындағы адам айқайлап, сұрақ қойып, сөйлеп жатқанда адам ұйықтап отырмайды ғой. Сондай бір сәтсіз кезде видеоға түсіп қалған. Негізі, ұйықтап отырған жоқ. Толық видеоны жібере аламын", - дейді Дүйсембинов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары