$ 481.84  531.33  5.07

Ұлыбритания ресми түрде Еуропалық Одақтан шықты

Премьер-министр Борис Джонсон мұны "өте дұрыс және демократиялық шешім" деп есептейтінін айтты.
Фото: BBC
Фото: BBC

Орталық еуропалық уақыт бойынша 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні Брексит бойынша референдумнан соң, 3,5 жыл өткеннен кейін Британия ресми түрде Еуропалық Одақтан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап. 

Премьер-министр Борис Джонсон мұны өте дұрыс және демократиялық шешім деп есептейтінін айтты. Сонымен қатар ол британдықтарға «ұлттық жаңғыруға» уәде берді. Премьер жаңа Британия көші-қонды бақылайтынын, еркін экономикалық аймақтар құратынын, климаттың жаһандық өзгеруіне қарсы күресті тоқтатпайтынын және түбінде қылмысты жеңетінін айтты. 

Брюссельде Еуропарламент ғимаратының жанындағы британдық ту Еуроодақ жалауына ауыстырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары