$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл – ақымақтық төбелес»: Тараздың түлегі Асаналі Әшімов те туған жеріндегі жағдайға алаңдаулы

«Менің туған жерімде болып жатқан оқиға болғандықтан, айналамдағы кейбір пиғылы бөлек жандар ала көзімен қарайды. «Ана жақта бауырларың не істеп жатыр?» дегендей. Жастар біз секілді қарияларды аясын».
фото: aikyn.kz
фото: aikyn.kz

Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданының Масаншы ауылындағы төбелеске аты-заты бар адамның бәрі пікір білдіріп қалып жатыр. Солардың бірі – осы өңірдің тумасы, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қандастарым менің, жерлестерім, бауырларым, қабырғам қайысып, іштен күйініп отырмын. Бұл – өзіміздің ел! Төбелесқұмар емес, жуас ел едік. Жігіттердің шамына тиген әлдебір топтың жетегінде кетіп қалғаны белгілі болып жатыр. Сондықтан азаматтарға, бауырларыма тоқтау айтамын. Елдің, жердің басында отырған халық емеспіз бе?

«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді». Жігіттер ақылға салмай, намысқа беріліп кеткен болу керек деп ойлаймын. Мен қазақтың жігіттерін кінәламаймын, шыдамы таусылған тұста шарт кететін қасиет қанымызда бар. Ежелгі бабаларымыз жоңғарлармен соғысты, кешегі аталарымыз фашистермен шайқасты. Әкемізді бердік сол майданға.

Бірақ, ол – басқа соғыс еді. Ал мынау – ауыл арасындағы төбелес. Алайда, резонансы жаман. Көрші елдерге күлкі боламыз, мазаққа айналамыз. Осыларды ескеру керек. Қаны қызып алған адамдар қайдан ескерсін?! Оны да түсіну керек. Бірақ, тоқтату қажет қанқызбалықты.

Бұл – ақымақтық төбелес. Мұндайды қоштамаймын. Түнімен ұйқым қашты, тынышым бұзылды. Менің туған жерімде болып жатқан оқиға болғандықтан, айналамдағы кейбір пиғылы бөлек жандар ала көзімен қарайды. «Ана жақта бауырларың не істеп жатыр?» дегендей. Жастар біз секілді қарияларды аясын. Одан да білімге, ғылымға талпынсын. Төбелестің аты – төбелес, аты да жақсы емес», - деп «тебіреніпті» қазақ актеры.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары