$ 448.89  477.93  4.76

«Бауырын өлтіру – жақсы нышан емес»: Қордайдағы қақтығысқа қатысты Мұрат Әуезов те үнсіз қалмады

«Қазақ және қырғыз жерлері олардың еңбекқорлығы мен еккен егіні үшін разы», - дейді ол.
фото: egemen.kz
фото: egemen.kz

Танымал қоғам қайраткері Мұрат Әуезов Жамбыл облысының Қордай ауданында болған қайғылы оқиға туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен үшін қайғылы күндер өтіп жатыр. Қордайда бауыр бауырын өлтірді. Адам өлді. Үйлер өртенді. 90-жылдары дүнген мектептерінің бірін қорғап едім. Жеріміз экспансияға түскен кез келген жағдайда дүңгендер мыңжылдық жауынгерлік тәжірибесімен біздің жақтасымыз болды және бола беретініне сенімдімін.

Қазақ және қырғыз жерлері олардың еңбекқорлығы мен еккен егіні үшін разы. Біздің дініміз ортақ. Орталық Азия аспаны астында бәріміз теңбіз. Бауырын өлтіру – жақсы нышан емес. Бауырын өлтіргендер өзінің және ұрпақтарының өміріне қарғыс арқалайды. Бұрын солай болған және солай болып қала береді», - деді Мұрат Әуезов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары