Кейінгі кезде «билікпен күресте» белсенділік таныта бастаған Айсұлтан Рахат әлеуметтік желіден қайта бой көрсетті. Ол бүгін өзінің facebook парақшасында Лондоннан саяси баспана сұраған жаңа постын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мен Ұлыбританиядан саяси баспана сұраймын. Менің жолым соңғы бес жылда сұр жолақтармен жабылған. Адамдар шын мәнінде не болғанын және оның не үшін екенін білуі керек!» - деді ол көлемді жазбасында.
Сонымен қатар, Айсұлтан полиция алып қойған төлқұжатын өзіне қайтарады деп үміттенеді.
Еске сала кетсек, Дариға Назарбаеваның ұлы аты-жөнін ресми құжаттарда Айсұлтан Назарбаевтан Айсұлтан Рахат деп өзгерткен болатын. Ол өз жазбасында тегін не үшін ауыстырғанын да түсіндірген.
Тағы оқи отырыңыз: «Саяси сауаты мектептегі күзетшінің деңгейіне жетпейді»: танымал айтыскер Ринат Зайытовты сынап тастады
Көптен бері көрінбей кеткен Айсұлтан биылғы қаңтар айының соңында жарты жылдан бері неге үнсіз жатқанын айтып, өзі үшін «маңызды» мәлімдеме жасаған болатын. Сол сәтте елбасының немересі 2019 жылдың маусымынан бастап әлеуметтік желілерді белгілі бір себептермен пайдалана алмағанын жазды. Айтуынша, өз анасы тарапынан қысым көріп жатқан көрінеді.