$ 498.34  519.72  4.85

Елорда орталығында «КамАЗ» жүк көлігі ішінде 30 жолаушысы бар автобусты соқты

Жол апаты Қошқарбаев пен Абылай хан даңғылдарының қиылысында болған.

Нұр-Сұлтан қаласында «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі ішінде 30 жолаушысы бар автобуспен соқтығысып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты Қошқарбаев пен Абылай хан даңғылдарының қиылысында болған.

«54 жастағы «КамАЗ» жүргізушісі көліктің тізгініне ие бола алмай, №22 автобуспен соқтығысқан. Қошқарбаев көшесінде Құдайбердіұлы көшесіне қарай сол жақ жол бойымен келе жатқан автобус жүргізушісі соққыдан қарсы беттегі жолға шығып кетіп, қарама-қарсы бағыттан Төлебаев көшесіне қарай өтіп бара жатқан Skoda Rapid автокөлігімен соқтығысты», - деп хабарлады департаменттен.

Жол апаты салдарынан 63 жастағы Skoda Rapid автокөлігінің жолаушысы қалалық ауруханаға жеткізілді. Автобуста зардап шеккен жолаушылар жоқ.

«КамАЗ» көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеру жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары