$ 494.87  520.65  4.91

Журналистің орнына педагог келді: Инга Иманбай «Жас Алаш» газетінің сынағынан өте алмай қалыпты

Газеттің «Демпартия листовкасына айнала бастағанын» байқаған құрылтайшылар шұғыл шешім қабылдауға мәжбүр болған.

Бір ай бұрын республикалық «Жас Алаш» газетінің бас редакторы болып тағайындалған Инга Иманбай қызметінен кетті. Оның орнына Қайрат Матреков бас редактор болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, nege.kz-ке сілтеме жасап.

Тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамайдың жары Инга Иманбай газеттің бар-жоғы бірнеше нөмірін ғана шығарып үлгерді. Сенімді ақпарат көзінің айтуына қарағанда, оған бір ай сынақ мерзімі берілген. Егер осы уақыт ішінде білікті басшы, сауатты журналист ретінде өзін көрсете білсе, келісімшартты ұзарту көзделген.

Алайда, Инга Иманбай газет құрылтайшыларының көңілінен шықпаған сияқты. Газеттің «Демпартия листовкасына айнала бастағанын» байқаған құрылтайшылар шұғыл шешім қабылдауға мәжбүр болған.

Ал оның орнына редактор болып келіп жатқан Қайрат Матрековтің мамандығы педагог екен. Сөйте тұра, ол бұған дейін бірқатар мекемелердің баспасөз қызметінде, ҚазТАГ агенттігінде, 365info.kz сайтында жұмыс істеген.

Газетке Инга Иманбайдың алдында редакторлық еткен Руслан Ербота болса, facebook парақшасына «Жас Алаштың» редакторы ауысып жатыр. Инганың қарқыны қатты еді. Жаңа редактор – демалыстағы подполковник» деп жазды. Себебі, Қайрат Матреков ІІМ баспасөз қызметінде де жұмыс істеген болатын.

Сонымен, келесі жылы 100 жылдық мерейтойы өтетін басылымға кейінгі кезде бас редактор тұрақтамай қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары