$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл ауылға тәуелсіз тексеру жасатуымыз керек»: белсенді Сыр өңіріндегі жер дауын біржақты етпек (ФОТО)

Ауылда бала-шағаны қосқанда, шамамен 2 мың адам тұрады екен. Бір аптаның ішінде шағымхатқа соның 464-і өз еріктерімен қол қойып берген.

Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің белсенді мүшесі Мұхтар Тайжан әлі де Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылындағы 455 мың гектар жайылымдық жерді бір-ақ адамның иелігінен халықтың игілігіне алып беруге тырысып жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғам белсендісінің айтуынша, осынша жерді Мәжіліс депутаты Абзал Ералиевтың інісі Дархан есімді інісі қоршап алып отыр екен. Тұтас бір ауыл тұрғындары наразылық танытып жатса да, оларға оңайлықпен бергісі жоқ.

«Достар, мен Қызылордадағы Сырдария ауданы Нағи Илиясов ауылына барған соң, кейбіреулер «Мұхтар іріткі салып жатыр» деді, «Мұхтар 20 шақты ғана адамның сөзін сөйліп тұр» деді. Бұл адамдар өздері сол ауылға бармай тұрып маған сенбеді. Ал мен сол ауылға барғанда адамдарды тыңдау үшін бардым ғой, арандатуға емес. Видеода көрініп тұр ғой, жергілікті 200-ге жуық адамның өз жанайқайын жеткізіп жатқаны» деп жазды Мұхтар Тайжан facebook парақшасына.

Ал әкімдік өкілдері бұл мәселені бірге пысықтаудың орнына, жайылымға қол жеткізе алмай жүрген көпшілікке Мәдениет үйін де ашпай қойған. Жергілікті БАҚ тілшілері де жанайқайдың жай-жапсарын біліп қайтуға құлық танытпаған.

«Бірде-бір журналист сол ауылға бармады, тұрғындармен сөйлеспеді. Ықпалды депутат Абзал Ералиевтен қорқады деп ойлаймын. Тіпті, Азаттықтың журналистері сол ауылға барудан бас тартып жатыр, бұны мен Қасым Аманжолға айттым», - дейді қоғам белсендісі.

Оның сөзінше, ол ауылда бала-шағаны қосқанда, шамамен 2 мың адам тұрады екен. Бір аптаның ішінде шағымхатқа соның 464-і өз еріктерімен қол қойып берген.

«Бәрі керемет жақсы болса, ауылдың соншама адамы хатқа қол қояр ма еді? Әдемі бейнероликтерге емес, тірі адамдарға сенуге тиіспіз! Бұл ауылға сөзсіз тәуелсіз тексеру жасатуымыз керек», - деп отыр Мұхтар Тайжан.

Тағы оқи отырыңыз: «Жерімізді латифундистерден қайтарып алуға атсалысыңыздар!» - Мұхтар Тайжан

«Неге жерді босатпайсыз?»: Қызылорда облысындағы 455 мың гектар жайылым - депутаттың інісіне тиесілі

Демек, ашынған ауыл тұрғындары енді алған беттерінен қайтпайтын сыңайлы. Қолындағы азын-аулақ малға қарап отырған олар үшін туған өңірде өмір сүрудің жалғыз жолы – бір адамның кесірінен тарылған өрісті кеңейту ғана болып тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары