Танымал тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей бесінші сәбиін дүниеге әкелді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сүйінші хабарды жолдасы Нұрділдә Ораз өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.
"Аллаға мың да бір шүкір! Дұға-тілектеріңізге рахмет! Саналы, инабатты, салиқалы болып өсуін нәсіп етсін", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың қуанышына ортақтасып, сәбиге ұзақ өмір тілеп жатыр. Өнердегі аға-әпкелері де жылы лебіздерін білдіріп, жазба астына пікір қалдыруда.