$ 494.87  520.65  4.91

Кімдер коронавирусты тез жұқтыруға бейім?

Мамандар 70 мыңнан астам дертке шалдығу көрсеткішін зерттеген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ғалымдар коронавирус жұқтыру қаупі төмен адамдарды атады, деп жазады Nege.kz.

Мамандардың айтуынша, COVID-19 вирус жұқтыру қаупі төмен адамдардың қатарына балалар мен жасөспірімдер кіреді.

Мамандар 70 мыңнан астам дертке шалдығу көрсеткішін зерттеген. Вирус жұқтырғандардың тек 1%-і ғана балалар мен жасөспірімдер екені анықталды. 

Дәрігерлердің айтуынша, 60 жастан асқан және созылмалы ауруларға шалдыққан адамдарда вирусты жұқтыру қаупі жоғары.

Ғалымдар мұны адамның иммундық жүйесімен байланыстырып отыр. Ол жас ұлғайған сайын әлсірейді.

Ғалымдар вирустың алдын алу үшін бетперде тағып, гигиена сақтауға кеңес береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары