$ 494.87  520.65  4.91

«Кімнің арқасында бостандыққа шыққанын айту қиын» - Мұхтар Жәкішевтің қызы

Барлығы болған оқиғаны ой елегінен өткізіп жатыр. Біз 15 күн бойы ештеңе өзгермеуін сұрап, дұға жасаймыз.

Мұхтар Жәкішевтің қызы Әйгерім Жәкішева "31 арнаға" берген сұхбатында әкесінің бостандыққа шығатынына сенбегенін айтты , деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Әйгерім Лондонда. Ол әкесін екі аптадан соң құшақтай алатынына сене алмай отырғанын айтады.

"Үкім оқылған кезде бізде сағат таңғы алты болған еді. Маған келген хаттар мен қоңыраулардан телефоным жарылуға жақын қалды. Сондықтан сүйінші жаңалықты нақты кімнен естігенім есімде жоқ. Көп адамдардан білдім....

Бүгін шешім шығып, әкемді босатады дегенде бірден сене қоймадық. Шынымен осы қуанышты жағдайдың болып жатқанына сене алмай жатырмыз. Бұған сенуге қорқасың. Өйткені қазір қатты қуансам, бәлкім бірдеңе болып, оны бостандыққа шығармай қоя ма деп алаңдайсың.

Тағы оқи отырыңыз:

«Мұхтар Жәкішевтің босап шығуы - әділеттілікті талап еткен азаматтық қоғамның жеңісі» - Досым Сәтпаев

Сондықтан, әлбетте, мен де, менің отбасым да өте қуаныштымыз. Бірақ соның өзінде сене алмаймыз, қорқыныш та бар, таңырқау да жоқ емес. Барлығы болған оқиғаны ой елегінен өткізіп жатыр. Біз 15 күн бойы ештеңе өзгермеуін сұрап, дұға жасаймыз. Еш кедергісіз келіп, әкемізді алып кеткіміз келеді. Кімнің арқасында бостандыққа шыққанын айту қиын. Бұл сұраққа ешкім нақты жауап бере алмайды. Менің ойымша, бәрінің де үлесі бар. Шынымды айтсам, әкемді алғаш көргенде не деп айтарымды да білмеймін", - деді Жәкішевтің қызы.

Айта кетейік, Семей қалалық сотында өткен тыңдау кезінде судья Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары