Саясаттанушы Досым Сәтпаев Мұхтар Жәкішевтің босап шыққанына қатысты пікір білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол 10 жылдан аса түрмеде отырған Мұхтар Жәкішевтің босап шығуы - оны қолдаған қоғамның арқасы деп біледі.
"Мұхтар Жәкішевтің босап шығуы - оның отбасы мен достары үшін үлкен қуаныш! Бұл Тоқаевтың еңбегі емес, ол көптеген жылдар бойы оған әділеттілікті талап еткен азаматтық қоғамның жеңісі. Билік бір рет «А» деген соң, «Б» деп те айтсын». Басқа саяси тұтқындар да біздің түрмелерде отыр, олар да биліктің мейірімін емес, әділеттілігін күтеді", - деп жазды ол Instagram-парақшасына.
Сондай-ақ саясаттанушы биліктегілер халықты ескі жүйемен басқара алмайтынын қоса айтты.
Тағы оқи отырыңыз:
Ертісбаев пен Әбілязовтың айтысы: олар Жәкішевтің не үшін қамауда отырғанын талқылады
«Диагнозын қоюға мүмкіндік жоқ»: Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығатын болды
"Қордай оқиғасындағы наразылық білдірушілердің жаппай ұсталуы, жалған митингілер, саяси белсенді Дулат Ағаділдің түрмедегі өлімі, түрмеде отырған Мұхтар Жәкішевтің денсаулығының нашарлауы - Ақорданың беделін төмендете бастады. Сонымен қатар халық арасындағы алып-қашпа әңгімелер бәсеңдеді. Мұхтар Жәкішевтің түрмеден босап шығуы - биліктің имиджін жақсарту және қоғамдағы наразылықты азайту үшін жай ғана жасалып жатқан көзбояушылық емес екеніне сенгім келеді, бірақ олар қанша тырысса да, халықты басына алмайтынын, бұрынғыдай бұғатын қоғам жоқ екенін түсінгендері жөн", - деді ол жазбасында.