Қытай билігі коронавирус туралы ақпаратты жасырып, COVID-19 пандемиясының пайда болуына ықпал етті, деп хабарлады АҚШ президенті Дональд Трамп. Бұл туралы бүгін Stan.kz жазды.
«Бұл вирус туралы егер біз бірнеше ай бұрын білген болсақ, оны оңай тоқтатуға болатын еді. Өкінішке қарай, олар бұл туралы көпшілікке жарияламады. Демек, бүкіл әлем азап шегуде. Әлем олардың істегендері үшін өте үлкен баға төлеуде», - деді Трамп Ақ үйдегі брифингте.
Сонымен бірге, ол америкалық билік індеттің таралуына дайын екендігін баса айтты. Әлемнің басқа елдеріне қарағанда, АҚШ-тың Қытайдан келгендерге кіруіне тыйым салғанын еске салды.
Ол егер АҚШ «күніне Қытайдан он мыңдаған адамның кіруіне» рұқсат берсе, онда Құрама Штаттардағы жағдай одан да нашар болады деп мәлімдеді.
Содан кейін Трамп ҚХР органдарының коронавирус туралы уақтылы ақпарат ұсынбауы әлемдегі қазіргі дағдарысқа әкеліп соқтырды деген пікірді қайталады.