$ 443.85  474.3  4.8

Дәрігерлер сүйегі үгітіліп қалған Шымкент тұрғынына күрделі ота жасады

Нақтырақ айтқанда, дененің басқа жерінен теріні алып, қолына жапсыруға тура келген.

Шымкентте 25 жастағы жігіттің қолын жұмыс кезінде бетон аралыстырғыш қысып қалған. Қолының сүйегі үгітіліп кеткен науқасқа дәрігерлер күрделі ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оң қолының сүйектері майдаланып кеткен науқасты ауыр халде жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізген. Медицина мамандары жас жігіттің өмірін аман алып қалу үшін шұғыл түрде ота жасап, қолының майдаланған сүйектерін жинап берген.

Бірінші кезеңдегі операцияда хирургтар жігіттің қолындағы тамырларын тігіп, сүйектерін қайта қалпына келтірген. Араға бір ай салып, гипербариялық оксигенация орталығының хирургы Мұхит Досыбаевтың жетекшілігімен науқасқа екінші кезеңді күрделі ота жасалған.

Нақтырақ айтқанда, дененің басқа жерінен теріні алып, қолына жапсыруға тура келген. Дәрігердің айтуынша, тері жүз пайыз жабысқан. Дәрігерлер науқастың қазіргі жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда. Жас жігіт бүгінде оң қолын қалпына келтірген дәрігерге ризашылығын білдіруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#операция