$ 494.87  520.65  4.91

Бақыт Сыздықова қайта депутат болуы мүмкін

Саяси белсенділігінен гөрі ерсі қылықтарымен есте қалған Мәжілістің экс-депутаты Бақыт Сыздықова Астана қалалық мәслихатына депутат болу үшін құжаттарын тапсырды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол өзінің құжат тапсыру рәсімін Periscope желісі арқылы тікелей эфирден көрсеткен.

Естеріңізге салайық, елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау науқаны 20 наурызға белгіленген. 

"Бұл шешімге әбден ойланып болған соң бардым. Мен Астана қалалық мәслихатының екі шақырылымында депутат және әлеуметтік-мәдени даму комиссисяның төрайымы болдым. Сондықтан, бұл әрекетімде еш ағаттық жоқ деп ойлаймын. Халықтың мүддесін Мәжілісте қорғаймын ба, мәслихатта қорғаймын ба, айырмашылығы жоқ емес пе?!" дейді Бақыт Сыздықова.

Айта кетейік, Б.Сыздықова Парламент Мәжілісінің IV шақырылымының депутаты болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары