Қытайдың белгілі басылымдарының бірінде «Қазақстан Қытайға оралғысы келеді» деген мақала жарияланып, бұл мәселеге қатысты ҚР СІМ Қытайдың Қазақстандағы елшісін шақырып сөйлескені, нәтижесінде көрші елге нота жіберілгені әмбеге аян. Сол мақаланың мазмұны кімге де болса қызық. Сондықтан оны қазақшаға аударып, назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Қазақстан Қытайға оралғысы келеді
Қазақстан – қытайдың Шыңжаң аймағымен, Өзбекстан, Түркменстанмен, Иранмен шекараласатын Орта Азиядағы алпауыт мемлекет. Еуразияда 2 724 900 шаршы километр территорияны иемдене отырып, бұл елде теңізге шығатын жол жоқ. Қазақстан ешқашан Түрік империясының құрамында болмаған. Қазақ мәдениеті түркі, ислам және басқа мәдениеттерден құралады. Тарихта көршілері Қазақстан аумағына қанша мәрте кірсе де, олар бұған қарсы болмады.
Қазақстан үш хандыққа бөлінген. Оның екеуі Цин сарайының бақылауында болды. Енді Қытайдың Қазақстанды қалай жаулап алғанын және қалай айырылып қалғанын айтып көрелік. Алтын Орда кезінде Өзбек хандығы деген мемлекет болды, бірақ, қазақтар хандар таласы салдарынан бөлініп кетіп, жеке түтін түтете бастады. Кейін қазақтардың территориясы Алтын Ордадан бөлініп, көшпелі халық мемлекет құра бастады.
XVI ғасырда үлкен мемлекет үш жүзге бөлінді. XVII ғасырда көшпенді Жоңғар хандығының Орта Азияда үстемдігі орнады. Кейін ұлы жүз бен кіші жүз Ресейге мойын бұра бастады. Ал орта жүз Жоңғар хандығына бас иді. 1757 жылы Цин империясы Жоңғар хандығын мүлде жойып жіберді. Бұл уақыт оба індетінің таралуымен тұспа-тұс келеді. Сол кезде қазақтар Цин империясының жеріне орналаса бастады.
Енді қазақстандық ғалымдар бұл оқиғаларды қалай «еске алатынын» көрейік.
XVI ғасырдың басында түркі көшпенділері осы маңға орнығып, мемлекет құрды. Рас, көрші империядан аяқ тартты, бірақ, бақытына қарай, Қытай бұл уақытта әскердің барлығын ішкі соғысқа төгуге мәжбүр еді. Географиялық жағдай бойынша Қазақстанның жерін Қытай тартып алмады. Ұлы Қытай империясының гүлдену кезеңінде Түрік империясы екіге бөлінді.
Шығыстағы түркілер Тан империясының әскерін ығыстырып, Жетісуға дейін жетеді. Кейін Тан испериясы құлап, өз жеріне билік жасаудан қалды. XIX ғасырда қытай әскері Тянь-Шаньға аяқ салғанда, қазақ жері иелігімізге өтер еді. Бірақ, бұл жолы моңғолдар қытай әскерінің тас-талқанын шығарды, шегінуге тура келді.
Қазақстан қалай Қытайдан азат бола бастады?
XIX ғасырдағы Апиын соғысынан кейін Цин династиясы әлсіреп кетті. Ресей осы уақытты оңтайлы пайдаланды. Қазақстанды өздеріне қаратты. Уақытында территорияның дұрыс бөлінбеуінің себебінен Қытайдың жоғалтқан жері – Қазақстан! Қазақстар еуропалықтарға ұқсаған. Бірақ, олардың ішінде интеграция жасау үшін Шыңғыс хан Хань әулетін осы аймаққа жіберген.
Бұл – әрине, жай ғана болжам. Қазақстан әлі күнге дейін Қытайдың Оңтүстік Азияда үстемдік құрып келе жатқанын мойындайды. Азия елдерінде қытай азаматтары мандат алып, саясат пен ел ісіне араласып жүр. Қазіргі уақытта Қытай Қазақстанға үлкен көмек көрсетуде. Салған инвестициясының өзі 23 миллиард доллардан асады.
Қазақстанда кезінде қытай болған азаматтарды санап шықтық. Олардың жалпы саны 400 мың адамнан асады. Бұл қытайлар елдің әр аймағында белсенді жұмыс жасауда. Тіпті, Қазақстанның кішігірім бір қаласының тұрғындары өздерін Ли Байдың тұқымымыз деп есептейді. Кейбірі соғыс кезінде осында келіп, жергілікті тұрғындармен араласқанын, қазір Қытайға қайтқысы келетіндерін айтады.
Дереккөз: bairaq.kz