$ 494.87  520.65  4.91

Бұрынғы серіктесінің арызы бойынша атышулы Серікжан Біләш тергеуге шақырылды

Ерболат Дәулетбекұлының сөзінше, тіркелмеген «Назыз Атажұрт еріктілері» ұйымы тіркелген «Атажұрт еріктілерінің» эмблемасын, атауын, белгілерін пайдаланған.

Шыңжаң қазақтарының мәселесін көтерген белсенді Серікжан Біләшті қорғануға құқығы бар куәгер ретінде тергеуге шақырды. Бұл туралы Азаттыққа оның адвокаты Шыңқуат Байжанов хабарлаған.

«Ешкімге әлі айып таққан жоқ. Бұрынғы серіктесі арыз жазған, сондықтан тергеді», - деді заңгер.

20 сәуірде тіркелмеген «Нағыз Атажұрт еріктілері» қоғамдық ұйымының жетекшісі Бекзат Мақсұтханұлын да тергеуге шақырған. Былтыр олар тіркелген «Атажұрт еріктілері» қозғалысынан бөлінген.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек Азаттық тілшісіне кейін хабарласуды сұрап, алешкісін ол аудандық полиция басқармасының бастығына қоңырау шала алмай отырғанын айтқан.

Тіркелген «Атажұрт еріктілері» қозғалысының жетекшісі Ерболат Дәулетбекұлы Азаттыққа 2019 жылы қазанда Әуезов аудандық Полиция басқармасына арыз жазғанын айтты. Оның сөзінше, тіркелмеген «Назыз Атажұрт еріктілері» ұйымы тіркелген «Атажұрт еріктілерінің» эмблемасын, атауын, белгілерін пайдаланған.

Серікжан Біләш тіркелмеген «Атажұрт еріктілері» ұйымын басқарып тұрғанда Шыңжаңдағы қазақтар мәселесін көтеріп, олардың құқығын қорғаумен айналысқан. 2019 жылы наурызда оның үстінен «Араздық қоздыру» бабы бойынша іс қозғалып, қамауға алынған. Артынша ол 5 ай бойы үйқамақта болды.

Тамызда сот оған 280 доллар көлемінде айыппұл салып, 7 жыл қоғамдық ұйымды басқаруға тыйым салды. Бұл сот халықаралық қауымдастықтың назарын аударған. Құқық қорғаушылар «билік Біләшті жауапқа тарту арқылы Қытай қазақтарының мәселесін көтеріп жүрген белсенділердің жұмысына кедергі келтіріп жатыр» деп сынаған.

2019 жылы күзде Алматы қаласының Әділет департаменті «Атажұрт еріктілерін» тіркеген. Оған ұйым жетекшісі Ербол Дәулетбекұлы басшы болған. Осыдан соң ұйымдағы біраз адам бөлініп шығып, «Нағыз Атажұрт еріктілері» заңсыз ұйымын құрған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары