$ 494.87  520.65  4.91

«Президент мәлімдемесі оптимистік рух сыйлады» - Смағұл Елубай

Жұмысшыларға берілетін еңбекақыны сақтау аясындағы бұл шараның ел экономикасына тигізер оң әсері барын анық байқауымызға болады.

Жазушы Смағұл Елубай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Президентіміз Төтенше жағдай уақытын 11 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Карантиннен шаршаған халыққа мұның өзі дәтке қуат болды ғой деп ойлаймын. Ендігі екі жетіге жетер-жетпес уақытта тіршілік өзінің қайтадан қалпына келсе ел тұрғындарының қуанатыны ақиқат. Аталмыш мәлімдеме терезеге телміріп, қабырғаға қамалған жұртшылыққа үміт сыйлады. Сонысыменен қуантты», - деді жазушы.

Сондай-ақ ол халық негізгі табыс көзінен айрылмасы үшін жасалып жатқан шешімдердің тиімді екендігін айтады.

«Мемлекет басшысысының мәлімдемесіне мұқият құлақ салар болсақ, барлығын рет-ретімен саралай білген. Ірі компанияларға тиісті қолдау көрсетілетіні туралы айтылды. Жұмысшыларға берілетін еңбекақыны сақтау аясындағы бұл шараның ел экономикасына тигізер оң әсері барын анық байқауымызға болады. Бастысы қауіпсіздік шараларына баршамыз мұқият болумыз керек. Бұл үлкен жауапкершілік», - деді Смағұл Елубай.

Сонымен қатар, осы мәлімдемеде айтылған мерзім карантиннің соңы болса екен деген тілегін жеткізді.

«Қазір шынымен елдің еңсесі түсіп кетті. Әлемдегі вирус жұқтырғандардың саны да ұлғайып жатыр. Осындай қиын-қыстау кезеңде жағдайды реттеу үшін жасаған бұл кезекті мәлімдемесі шын мәнінде оптимистік рух сыйлады. Лайым енді осы 11 мамыр карантиннің соңы болса екен деген тілек. Жұқпалы дерттің беті қайтып, ел баяғы өміріне енсе одан асқан қазір бақыт жоқ», - деді жазушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары