$ 494.87  520.65  4.91

«Нұртай Әбіқаевты Сенат төрағасына ұсынуға шақырамын» - Қажыгелдин Тоқаевқа «сәлем айтып» жатыр

Оның ойынша, Дариға Назарбаеваның өкілетінің тоқтатылуы Тоқаевқа ірі реформа жасауға мүмкіндік береді екен.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі ҚазТАГ агенттігіне Дариға Назарбаеваның Сенат депутаты ретіндегі өкілеттілігінің тоқтатылуына байланысты пікір білдерген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Тоқаев Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасына Нұртай Әбіқаевты тағайындауы тиіс. Ол – өте тәжірбиелі мемлекет қайраткері, экс-президент Назарбаевтың үзеңгілесі. Мен Қасым-Жомарт Тоқаевты президент квотасы арқылы Нұртай Әбіқаевты Сенат мүшесі етіп тағайындап және оны Сенат төрағасына ұсынуға шақырамын», - депті шетелде «бас сауғалап» жүрген саясаткер.

Оның ойынша, Дариға Назарбаеваның өкілетінің тоқтатылуы Тоқаевқа ірі реформа жасауға мүмкіндік береді екен. Яғни, өтпелі кезеңде және келесі Парламент сайлауына дейін бір палаталы Парламент жасақтауға болады. «Ол үшін Сенат мүшелері бар құқықтары мен өкілеттіліктерін сақтай отырып, Мәжіліс депутаттарына қосылуы тиіс», - деген пікір білдірген Қажыгелдин.

Тағы оқи отырыңыз: «Қайткен күнде де Дариға Назарбаеваның саяси биографиясы мұнымен аяқталған жоқ» - сарапшы пікірі

«Дариға Назарбаеваның үстінен үлкен дау-дамай басталғалы тұр» - Жанболат Мамай

Тіпті, ол Әбіқаевтың Тоқаевқа сенімді қорған да бола алатынына сенімді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары