$ 494.87  520.65  4.91

Елорда автобустарында жолақы төлемінің Face Pay деген жаңа түрі қолданылмақ

Жаңа пилоттық жоба іске асатын болса, автобусқа кірген жолаушынының бет-әлпетін камералар танып алады да, жолақы оның есепшотынан автоматты түрде алынады.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Елорданың қоғамдық көліктерінде жолақы төлемінің жаңа түрі пайда болады. Қала басшылығы Face Pay деп аталатын жүйені қазір пилоттық жоба ретінде қолға алып жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ол адамдардың қарым-қатынасын барынша болдырмау үшін қолданылмақ. Себебі, қалада коронавирустың таралуы бақылауға алынса да, қауіп сол күйі сейілген жоқ. Әрі вирус жас талғамайды.

Қаладағы COVID-19 жұқтырғандардың 40 пайызы 30 жасқа дейінгі жастар екен. Тағы 35 пайызы – 30-50 аралығындағы орта жастағылар. Жаңа пилоттық жоба іске асатын болса, автобусқа кірген жолаушынының бет-әлпетін камералар танып алады да, жолақы оның есепшотынан автоматты түрде алынады. Ол кезде жолақыны картамен төлеудің де керегі болмай қалады.

Дегенмен, бұл – әлі жоспар күйіндегі дүние. Ал жағдай қазіргідей бақылаудан шығып кетпейтін болса, қала маңындағы ауылдарға да автобус қатынай бастауы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары